Астаналықтар Республика күніне орай 1000-нан астам ту ілді

21 Қазан 2023, 19:07 747

Астанада «Менің елім – менің туым!» челленджі аясында қала тұрғындары 1000-нан астам ту ілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда тұрғындары «Менің елім – менің туым!» челленджін өткізді. Астананың 5 ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-ға жуық ту ілінді.

«Астана жастары» еріктілері мемлекеттік рәмізді дәріптеу бойынша алғашқылардың бірі болып үлкен акцияны бастады. Instagram желісінде олар қазақстандықтарды өздерінің тумен түскен фото/видеоларын жариялауға және #RepublicDay #РеспубликаКүні #kzdayrepublic хэштегімен белгілеуге шақырды.

Еріктілердің айтуынша, патриоттық шара жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, елорда көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарды да қуанышқа бөлейді.
Астаналықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, акцияға қосылды.

Мұндай көрініс ерекше әсер береді. Жұмысқа бара жатқанда осы көрініске көз жүгіртіп, еріксіз көңіл күйім көтеріледі. Менің ойымша, адамдарды күнделікті күйбең тірліктен алшақтатып, ойын бөлу керек, – деп бөлісті Астана тұрғыны Тамара Суворина.

Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Сығанақ, Достық көшелері, Республика, Ұлы дала даңғылдары және т.б.), жол бойында ҚР тулары ілінген.

Жалпы Астана қаласы бойынша мыңнан астам ту ілінді. Акция жалғасып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: