Астаналықтар Қадір түнін қалай қарсы алды?

6 Сәуір, 02:39 838

Астананың бас мешітінде халық қасиетті айдағы Қадір түнінде ағайынның амандығын тілеп, дұға жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Қадір түнін, сәуірдің 5-інен 6-сына қараған түніне белгіледі. Елорда тұрғындары күллі мұсылман үшін қадірлі саналатын Рамазан айындағы Қадір түнін Астана қаласының бас мешітінде қарсы алып жатыр.

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Оқи отырыңыз:

Қасиетті Қадір түніне жиналған жамағаттың санында шек жоқ. Құптан намазын мешітте оқуға ниет еткен жамағат тарауық намазына қатысып, бір сапта тұрып құлшылық жасады. Намаздан соң жиналған жамағатқа ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қоянбекұлы Қыдырмин уағыз айтты.

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Бұл түн туралы Құран Кәрімнің «Қадыр» сүресінде айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгені, оның мың айдан қайырлы екені, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіні және таңға дейін тыныштық болатыны айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатынына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Фото: Арман Мұхатов

Айта кетейік, 2024 жылы Рамазан айы 10 сәуірде аяқталады. Мұсылмандардың мейрамы Ораза айт 10 сәуірге белгіленсе, Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: