«Астаналықтар көшеде баклажка ұстап қаңғып жүр». Депутат Астанадағы су тапшылығы жайлы

5 Маусым 2023, 15:51 1172

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы елорда тұрғындары жарты жылдан астам уақыт су тапшылығының зардабын шегіп отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат бұл мәселе бойынша Астана қаласының әкіміне хат жолдаған, дегенмен әкімдік оның сауалына жауап бермеген көрінеді.

Астана халқының тең жартысы көшеде баклажка ұстап су іздеп, қаңғып жүрген жайы бар. Өйткені Астанадағы үйлерде судың жоқтығына жарты жылға жуықтап қалды. Соңғы бір-екі тәуліктің көлемінде санаулы тәулікке ғана берілгені болмаса, халық мүлдем сусыз отыр. Мұның себебін сұрағанымызда, Астана қаласының әкімдігі «сорғы сүзгі станциясының үшіншісін саламыз, 2023 жылдың соңында ол толық іске қосылады. Сол кезде су тапшылығы шешіледі» деді. «Бұл нақты ма, жоқ па?» деген сауалымызға сол күйі жауап берілмеді, - деді депутат.

Аталған сүзгі сорғыш станциясы 2026 жылға дейін ғана өндірістік қуаттылық тапшылығын шешетінін айтты.

«Демек 2026 жылы бас қаланың тұрғындары тағы да су іздеп жүруге мәжбүр бола ма?» деген сұрақ туындайды, - деді Нартай Аралбай.

Миражан Махан
Бөлісу: