Астаналық жастар қарттарға көмектесті

20 Қараша, 06:27 346

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Байқоңыр ауданының әкімдігімен бірлесіп, жалғызбасты қарт адамдардың жеке үйлерінің аулаларында қар тазалап, көмір түсіруге көмек көрсетті. Аталған игі іс-шара «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, акцияға 20-дан астам ерікті қатысты. Жастар қарды тазалап, зейнеткерлердің өз аулаларында қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті. Кейбір үйлерде жастар көмірді сақтау орындарына жеткізіп берді.

Менің атым Дэвид Шарипов. Мен жастар ресурстық орталығының волонтерімін. Бұл біз қатысқан алғашқы акция емес. «Таза Қазақстан» акциясы жастардың қызығушылығын кеңінен қамтыды. Акция тек таза көшелер мен саябақтар жайында емес, сонымен қатар таза ниеттер мен игі істер туралы екенін түсінуіміз керек. Мемлекет басшысы волонтерлік қызметтің баға жетпес үлесі туралы бірнеше рет айтқан. Біздің жігіттер әрқашан бірінші болып жауап береді және қажет болған жағдайда көмекке асығады. Елорданың мүмкіндігінше жас тұрғындары біздің еріктілеріміздің үлгісін ұстанып, осы асыл акцияға қосылғанын қалаймын, - деді өз әсерімен бөліскен ерікті.

Еріктілер мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың қарым-қатынас, өзара көмек және ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі деп санайды. Өз кезегінде елордалық қарттар еріктілерге алғыстарын білдірді.

Қыс енді ғана басталғанымен қар аз жауған жоқ. Оны өзім тазартуға шамам жоқ. Жарайсыңдар, балалар, өте уақтылы көмектесті. Осы балалар болмаса, жалғыз өзім не істер едім?... Осындай балаларды тәрбиелеген ата-аналарына алғысым зор. Қар тазалауға көмектесетіндерін айтқан кезде қатты қуандық. Мұндай көлемде қар жауғанда қақпаны ашу қиын болады, бұрынғыдай күш-қуатымыз жоқ. Уақыттарын бөліп, бар күшін салып, көмектесіп жатқан балаларға көп рақмет. Бұл – біз үшін үлкен көмек, - деді Байқоңыр ауданының тұрғыны.

Перизат Саденова
Бөлісу: