Астаналық тұрғын өзі жұмыс істеген мекеменің сейфінен ақша ұрлаған

11 Қыркүйек 2023, 14:04 751

Астаналық тұрғын өзі жұмыс істеген мекеменің сейфінен ақша ұрлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ЖШС өкілі полицияға хабарласып, белгісіз біреудің ғимаратқа кіріп, сейфтен ақша ұрлап кеткенін хабарлаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 37 жастағы Астана тұрғынын ұрлық қылмысына күдікті ретінде құрықтаған.

Тергеу барысында күдіктінің түнде темір сүйменді пайдалану арқылы торды сындырып, Жетіген көшесіндегі такси депосының ғимаратынан 6,5 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырып еткені анықталды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: