Астаналық полицейлер жалған нөмірлі автокөліктерді анықтады

9 Желтоқсан 2023, 14:02 683

Астанада рейд кезінде полицейлер Toyota Camry және Volkswagen Polo автокөліктерін тоқтатқан, деп хабарлаған El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру кезінде Volkswagen жүргізушісі автокөлікке басқа көліктің тіркеу нөмірлерін орнатса, Toyota автокөлігінің иесі нөмірлік белгіні өзгерткені белгілі болған.

Екі құқық бұзушы да ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3, 4-бөліктері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізушілер әкімшілік қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Олардың көліктері коммуналдық тұраққа қойылды.

Сонымен қатар Volkswagen Polo жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде сақтамайтыны анықталды, оның есебінде 20-дан астам жол қозғалысы бұзылғандығы да тіркелген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: