Астаналық оқушылар егістікті арам шөптен тазалайтын робот ойлап тапты

17 Қазан, 12:30 391

Астана қаласындағы БИЛ мектебінің 10-11 сынып оқушылары «Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы аясында егістікті арам шөптен тазалайтын робот машина ойлап тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, KazRobotix деп аталынатын 80 келі салмақтағы робот егістікке қажет емес өсімдіктерді жою үшін қолданылатын гербицид дәрісін сеуіп, тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Оқушылар бұл роботты бір ай ішінде құрастырған.

Робот бір күнде егін мен ауа райы жағдайына байланысты 4-8 гектар жерді арам шөптен тазарта алады.

Оқушы қыздардың бұл ғылыми жобасы былтыр Enactus халықаралық конкурсында бас жүлдені жеңіп алды.

Бүгінде бұл жобаға бірқатар кәсіпорын қызығушылық танытып отырған көрінеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: