Астаналық ер адам үйлерге ұрлыққа түсуді табыс көзіне айналдырған

7 Наурыз, 05:10 813

Астанада 31 жастағы тұрғын үйлерге ұрлыққа түсуді кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырған. Алайда әккі ұрыны полицейлер көп ұзамай ұстады, деп хабарлады  El.kz ақпарат агенттігі.   

Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үй ішіне кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Сонымен қатар «Tab» маркалы планшет, «Samsung» маркалы телефонды қолды қылған. Осылайша жалпы құны 1 млн 145 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Күдікті Жанкент көшесінің бойында орналасқан үйлердің біріне де дәл осы әдіспен кіріп, 100 мың теңгені қолды қылған. Ұрлық жасаған уақытта қожайын өзге бөлмеде үй шаруасымен айналысып жүрген.

Жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Қазіргі уақытта полицейлер пәтер ұрысының елорда аумағында жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: