Астаналық азамат дүңгіршектен қатарынан үш ұрлық жасады

21 Желтоқсан 2022, 09:24 1410

"Алматы" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деп күдіктелген 44 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тергеу барысында оның түнгі уақытта бұрағышты өзімен бірге алып, Қажымұқан көшесіндегі дүңгіршекке барғаны анықталды. Бұрауышпен пластикалық есікті ашып, ішке кіріп, маринадталған қанаттар салынған шелекті ұрлаған.
Жазасыз қаламын деп үміттеніп, бірнеше күннен кейін ол қайтадан сол дүңгіршекке бет алып, тағы бір шелек маринадталған қанаттар мен Соса-соla сусындарының бір блогын ұрлаған.
Бұнымен тоқтамай, ер адам үшінші рет дүңгіршекке барып, тағы да бір шелек қанаттарды ұрлап кеткен. Жалпы келтірілген шығын жүз мың теңгеден асады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адам қамауға алынды.
Ол мойындау көрсетпелерін берді, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес нысандарын қараусыз қалдырмауды, оларды бейнебақылау камераларымен жарақтандыруды ескертеді.

EL.KZ
Бөлісу: