Алдағы күндері елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толықтырылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі CTS-ке сілтеме жасап.
Автобустардың бірінші легі 21 наурызда жеткізіледі. Сәуір айында ресімдеу, қабылдау, жабдықты орнату, жүйеде тіркеу, жүргізушілерді бекіту рәсімдерінен өткеннен кейін автобустар қала бағдарларына қосылады.
Қоғамдық көлік жұмысын жақсарту бойынша жұмыстар ары қарай да жалғасады.