16.06.2025
14:12
12200
Астанаға Си Цзиньпин келді

Астанаға Си Цзиньпин келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.

Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды.

Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.