03.11.2023
02:19
1396

Астанаға Өзбекстан президенті Мирзиеев келді

Астанаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ұшып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оны елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.

Шавкат Мирзикев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Түрікменстан басшыларымен бірге Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысады.