Астанаға Мысыр Парламенті Сенатының төрағасы келді

4 Маусым, 22:48 423

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ерлан Қошанов Қазақстан мен Мысырарасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Осы уақыт ішінде екі ел арасында тығыз ынтымақтастық орнады. Бұл ең әуелі біздің көшбасшыларымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әбдел Фаттах Ас-Сисидің ерен еңбегінің арқасында деп білемін. Алдағы уақытта да екі ел басшыларының әріптестікті күшейтуге бағытталған жұмысын біз Парламент деңгейінде жалғастыратын боламыз, - деді Мәжіліс төрағасы.

Тараптар екі ел депутаттары достық топтарының жұмысын жандандыруға келісті. Осы орайда Ерлан Қошанов заңнама саласында тәжірибе алмасып, екі елдің шарттық-құқықтық базасын кеңейтудің маңыздылығына назар аударды.

Өз кезегінде Әбделуахаб Әбделразеқ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды толық қолдайтынын айтты.

Отырыс барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзит,  туризм саласы мен мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

Зарина Арман
Бөлісу: