Астанаға жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) сынақтан өткізу бойынша жоспарлы іс-шаралар аясында тағы екі жылжымалы құрам жеткізілді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
17 және 18 қазанда құрамдар мына эстакадаға орнатылады:
18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты Ш.Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылыстарында көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.