Астанаға бірнеше елден келген азаматтардан қызылша анықталды

24 Шілде 2023, 14:00 801

Елордаға келген 12 шетел азаматынан қызылша анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл бізге клиникалық белгілері бар басқа елдерден және өңірлерден келген азаматтар туралы 11 ақпарат келіп түсті. Биылдыққа12 науқас басқа елдерден келді, кейін олардан қызылша расталды. Олар Египеттен, Өзбекстаннан, Әзербайжаннан, Тайландтан келген. Сондай-ақ Тайландтан келген Ресей азаматында «Денге» безгегі тіркелді. Ол бойынша тиісті іс-шаралар өткізілді, - деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оқи отырыңыз:

Оның айтуынша, елімізге келген шетел және өз азаматтарымыз арнайы өлшеу құралы арқылы тексерістен өтеді.

Жоғары температура немесе жұқпалы аурулардың қандай да бір клиникалық көріністері байқалған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі міндетті түрде ақпарат береді. Яғни, жолаушының клиникалық белгілермен келгені туралы хабарлайды. Содан кейін инфекцияны оқшаулау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады, - дейді ол.

Равиль Ашығали
Бөлісу: