Нұра ауданында Талдыкөл көлінің маңында сортаңды жерде алдын шамамен 50 га алаңда қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ТЖ министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнында ТЖ-ды жылдам жою үшін күштер мен құралдарды жедел бөлу мәселесін бақылауда ұстауда.
Елордалық өрт сөндірушілердің 143 адамы және 21 техникасы, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару жуғыш машина, 1 трактор және "Астана орманынан" 10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды.
2 трактор жану периметрі бойынша жерді жыртуда. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр.
Ауа температурасы +23 С. Оңтүстік бағытта соққан екпінді желдің жылдамдығы 15 м/с. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.
Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшағы тартылды, 18 рет шамамен 63 тонна су төгінді.
ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдарының қосымша тобы келе жатыр.