«Астанаға 25 жыл». Қала тұрғындары әкімді танымай ма?

Равиль Ашығали

Астана күні бүгінде жалпыхалықтық мейрамға айналды. Бұл мерекені еліміздің әр өңірі ерекше атап өтеді. Мерекелік концерттер, көрмелер, халықтық серуендер ұйымдастырылады.

 

Астана - тәуелсіздігіміздің символы. Осы бір мерекеге орай, El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі қала тұрғындары арасында блиц-сауалнама жүргізді. Өз кезегінде, шаһар тұрғындары мен қонақтар елорда туралы бірнеше сұраққа қызық жауап берді.