Астана күні бүгінде жалпыхалықтық мейрамға айналды. Бұл мерекені еліміздің әр өңірі ерекше атап өтеді. Мерекелік концерттер, көрмелер, халықтық серуендер ұйымдастырылады.
Астана - тәуелсіздігіміздің символы. Осы бір мерекеге орай, El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі қала тұрғындары арасында блиц-сауалнама жүргізді. Өз кезегінде, шаһар тұрғындары мен қонақтар елорда туралы бірнеше сұраққа қызық жауап берді.