Астанадан Вьетнамға әуе рейстері қайта ашылады

28 Қараша 2022, 21:17 1316

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру жоспарланған

Келесі айдан бастап "Vietjet Air" әуе компаниясының ұшақтары Астанадан жолаушылар тасымалын қайта бастайды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға сілтеме жасап.
 
Осылайша, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру жоспарланған. Соның арқасында сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастық күшейеді.
 
"Vietjet Air" ірі вьетнамдық авиакомпаниясы 25 желтоқсаннан бастап Airbus А – 330 типті әуе кемелерінде аптасына 3 реттік жиілікпен Камрань-Астана бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, "Vietjet Air"- Вьетнамның бюджеттік әуе тасымалдаушысы. Авиакомпания 2007 жылдан бастап жұмыс істейді және 19 - дан астам бағыт бойынша әлемнің 10 еліне - Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістанға халықаралық рейстерді орындайды.
EL.KZ
Бөлісу: