24.11.2023
22:19
1271
Астанадан шығатын трасса жабылды

Астанадан шығатын трасса жабылды

Күн райының нашарлауына (жауын, көктайғақ, қатты жел) байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «109» қызметі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, сағат 19.30-дан бастап «Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы» республикалық маңызы бар автожолының 1291 – 1426 шақырым аралығы, нақты айтқанда, «Астана қаласы – Теміртау қаласы» учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Сондай-ақ City Transportation Systems компаниясының ақпаратына сүйенсек, Астана маңына қатынайтын бірқатар автобустың қозғалысы тоқтатылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты, қала маңына қатынайтын № 315, 316 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына жүретін басқа бағдарлар желіде, – делінген мәліметте.