24.03.2023
11:11
2035
Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

Астанадағы қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «112» қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 10:30-дан бастап күн райының нашарлауына байланысты (қалын тұман) республикалық маңызы бар Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы трассасының (1291-1353 шақырым аралығы) «Астана қаласы –Анар бекеті» учаскесі барлық автокөлік түрлеріне жабық, делінген хабарламада.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК Астанада тұман болатынын ескерткен.