Астанадан Бурабайға ұшақпен баруға болады

Астанадан Бурабайға ұшақпен баруға болады

Ақмола облысы туризм саласында дамудың оң серпін көрсетіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жарты жылдық қорытынды бойынша туризм көрсеткіші 121%-ға өсті, қызмет көлемі 14 млрд теңгеге жетті. Туристер легі 900 мың адамға жетті, ал жылдық көрсеткіш 1,5 млн адамнан асады деп күтілуде. Щучинск-Бурабай курорттық аймағы елімізде туризмді дамытудың үш негізгі орталығының бірі болып саналады, - деді облысы әкімі.

Сондай-ақ курорттық аймақты 2029 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары бекітілгенін атап өтті. Биыл өңірде 8 алаң, 10,2 км веложол салынды, эко-жаяу жол мен тікұшақ экскурсиясы іске қосылған. Сонымен қатар Астанамен тікелей қатынас үшін шағын әуежай ашу мәселесі пысықталып жатқанын да тілге тиек етті.

Айта кетейік, биыл Ақмола облысында тұрғындардың 7 мыңнан астамы тұрғын үй жағдайын жақсартты, ал диқандар рекордтық астық жинады. Сонымен қатар астықты терең өңдейтін зауыт құрылысы басталып, 2026 жылы Қосшыда жаңа электр станциясы салынады.