22.12.2022
09:51
1693
Астанадан Бурабайға арнайы туристік электр пойызы іске қосылды

Астанадан Бурабайға арнайы туристік электр пойызы іске қосылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана – Көкшетау электр пойызының 2 вагоны таңертең жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жолда Бурабайға тоқтайтын электр пойызы күн сайын таңғы сағат 06:03-те «Нұрлы жол» вокзалынан шығып, курортты аймаққа сағат 09:57-де жетеді.

Кері қарай сағат 19:15-те аттанып, Астана-1 станциясына сағат 22:18-де, ал «Нұрлы жол» вокзалына сағат 23:00-де келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік безендірілген вагондардың баға айырмашылығы жоқ.

Бүгін іске қосылған туристік пойыз 2023 жылғы қаңтардың соңына дейін жүреді.