04.05.2023
02:22
1160
Астанадан Бакуге аптасына екі рет тікелей ұшуға болады

Астанадан Бакуге аптасына екі рет тікелей ұшуға болады

Елорда әуежайынан Әзербайжан астанасына аптасына екі рет тікелей ұшуға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан астанасынан Бакуге рейстер – сейсенбі және жұма күндері, кері бағытта дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.

Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, - делінген мәліметте.