Астана көшелерінің қарын күндізгі ауысымда 1300-ден астам арнайы техника мен 2500-ден астам жол жұмысшы тазартуға кірісті. Жауын-шашынның салдарынан қар күреу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 15 қарашаға қараған түні 27 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 136 мың ауыр жүк көлігіне тең.
Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 21 мыңнан астам рейспен 267 мың текше метрден астам қар жеткізілді.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.