Астанадағы Жеңіс даңғылында жаңа саябақ ашылды

29 Қазан, 19:05 352

Жеңіс даңғылы, 34-те бос тұрған жер мен ескі үйлердің орнына жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, алаңның ауданы 0,37 гектарды құрайды.

Жаңа қоғамдық кеңістіктің аумағында әртүрлі жастағы адамдарға арналған ойын алаңдары бар екі қабатты «Аспан ағашы» балалар кешені орнатылған. Сондай-ақ спорт алаңдары мен беседкалар қарастырылған.

Жаңа алаңның ерекшелігі - ерекше қажеттіліктері бар балалар ойнай алатын инклюзивті аймақтар. Сонымен қатар бұрыннан өсіп тұрған барлық ағаш сақталып, қосымша 100-ден астам үйеңкі, қарағай және бадам отырғызылды, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Ондай жұмыстар қаланың барлық аудандарында, соның ішінде тұрғын алаптарында қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталған.

Перизат Саденова
Бөлісу: