Астанадағы Жазушылар аллеясына жаңа көшеттер отырғызылды

20 Сәуір, 23:13 608

“Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі" экологиялық акциясы аясында Жазушылар аллеясында тазалық жүргізіліп, жаңа көшеттер отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, саябақты тазалауға және ағаш отырғызуға елордалық мәслихат төрағасы Еран Каналимов бастаған мәслихат депутаттары, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен елорда қоғам белсенділері қатысты.

Біз бәріміз бір қалада тұрамыз және оның таза әрі жайлы болғанын қалаймыз. Сенбілік - бұл көктемнің жылы күндерінде бейресми ашық ауада бірге араласып, сұлулық пен тазалықта өмір сүруге деген ортақ тілегімізді көрсетудің тамаша тәсілі. Біздің жұмысымыздан кейін Астана таза әрі ұқыпты болып, аулаларымыз сұлулыққа ие болатынын көрудің өзі қуаныш, - деп атап өтті елордалық мәслихат төрағасы Еран Каналимов.

Сонымен қатар ол қала тұрғындарын "Таза Қазақстан" көктемгі экологиялық айлығына белсенді қатысуға шақырды.13 сәуірде басталған “Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" экоакциясы 11 мамырға дейін жалғасады.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде көшелерді, аулаларды тазалау әрі көгалдандыру және жолдарды ретке келтіру бойынша науқан жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл шақыруды еңбек ұжымдары, ШОБ субъектілері, білім беру және медициналық мекемелер және жай ғана бей-жай қарамайтын қала тұрғындары, елордамызды шын жүректен сүйетіндердің барлығы қолдайтынына сенімдімін, - деп атап өтті Е.Каналимов.

Естеріңізге сала кетейік, осы апта "Киелі мекен" деп аталады әрі тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған.

Келесі аптада “Жасыл аймақ" ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең "Өнегелі ұрпақ" деп аталады, ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші аптада “Мөлдір бұлақ" деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Зарина Арман
Бөлісу: