Астанадағы вокзалда әйел сауда нүктелерінің бірін қиратып кетті

17 Қыркүйек, 23:15 585

Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында әйел адам шу шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Кадрдан әйелдің сауда нүктелерінің бірінің заттарын жерге лақтырып жатқанын көруге болады. Өзін тоқтатпақ болған ер адамды итеріп жіберіп, өзгелермен ұрыса жөнелді.

Ал соңында қызметкерлерге үре бастады, кейіннен оны екінші әйел оқиға орнынан алып кетті.

Көліктегі полиция департаменті бұл жайтқа байланысты тексеру жүріп жатқанын айтып, оның жеке басы анықталғанын, алдағы уақытта оның әрекетіне құқықтық баға берілетінін қоса кетті.

Перизат Саденова
Бөлісу: