Астанадағы Уәлиханов көшесі мен Абылай хан даңғылының учаскелерінде жөндеу жүргізіліп жатыр

22 Шілде 2023, 19:32 988

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ш.Уәлиханов көшесі мен Абылайхан даңғылы бойында жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты 22-24 шілде аралығында Ш.Уәлиханов көшесінің Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Сонымен қатар, 22-24 шілде аралығында Абылай хан даңғылының Ғ.Мүсірепов көшесінен Манас көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Берік Арманов
Бөлісу: