09.02.2024
13:29
1183
Астанадағы төрт маршрутқа демалыс күндері жаңа автобустар қосылады

Астанадағы төрт маршрутқа демалыс күндері жаңа автобустар қосылады

Демалыс күндері елордада төрт қалалық маршрут бойынша қосымша жеті автобус жолаушы тасымалдайды. Бұл туралы CTS-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

10 ақпаннан бастап қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында келесі қалалық маршруттарда демалыс күндері автобустар саны артады:

- №3 маршрутта 2 бірлікке (12 автобус);
- №13 маршрутта 2 бірлікке (10 автобус);
- №20 маршрутта 1 бірлікке (12 автобус);
- № 44 маршрутта 2 бірлікке (12 автобус).