Астанадағы спорт мектептерінің бірі велосипедті 178 млн теңгеге сатып алмақ болған

26 Қазан 2023, 15:50 902

Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы бюджет және мемлекеттік сатып алу заң нормаларының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, қалалық спорт мектептерінің бірі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы басқа заңды тұлғаның балансында тұрған «Astana Bike» жүйесіне арналған велосипедтерді сатып алу бойынша конкурсты жөнсіз жариялағаны анықталды.

Бұл әрекет Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және Жарғымен бекітілген мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейді. Прокуратураның қадағалау актісімен 178 миллион теңгеге заңсыз сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: