Астанадағы сенбілікке танымал актерлер мен эстрада жұлдыздары қатысты

21 Қыркүйек, 14:40 712

Танымал актерлер, отандық эстрада жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері Астанадағы Керей мен Жәнібек хандар ескерткішінің жанындағы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елордада 21 қыркүйекте «Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (WorldCleanup Day) аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр.

Экоакцияға Асылхан Төлепов, Ерлан Малаев, Бақыт Қажыбаев, Әділ Ахметов, Самал Еслямова және т.б. танымал қазақстандық жұлдыздар қатысты.

Сенбіліктің маңызы өте зор. Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермендер театры сенбілікке үнемі шығады. Қаланың тазалығы бізге байланысты, сондықтан сенбілік әрқашан қажет, - деп атап өтті Асылхан Төлепов.

Айта кетейік, қаланы тазарту акциясы табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға ықпал етеді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: