17.07.2023
12:16
1106
Астанадағы Наркескен көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Астанадағы Наркескен көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Косманавтов көшесінен бастап М.Мақатаев көшесіне дейінгі учаскедегі Наркескен көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты 17-19 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.