Астанадағы мешіттен қомақты қаржы ұрланды

7 Шілде 2023, 23:19 396

Елордалық мешіттің жүргізушісі қомақты ақша ұрлығына қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ПД баспасөз қызметі хабарлауынша, мешіт ауласында орналасқан мейрамхана басшысы полицияға өтініш білдіріп, сейфтен көп ақша ұрланғанын хабарлады.

Тергеу барысында мешіт қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жүргізуші болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адам сейфтен 3,5 миллион теңгеден астам ақша ұрлап кеткен. Жұмыс уақытында ол басшының кеңсесіне кіріп, үстелден сейфтің кілттің жатқанын көріп оны ашып, қолма-қол ақша ұрлаған.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, ер адам ұрланған ақшаны өтеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: