Астана әкімдігі жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жол жүру тарифіне қатысты қаулы жобасын жариялады. Құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Егер жоба қабылданса, елордадағы жаңа көлік жүйесінде жолақысы 200 теңге болуы мүмкін.
Жобаға сәйкес, LRT арқылы жолаушыларды тасымалдау үшін мынадай тарифтер ұсынылып отыр:
Әкімдік мәліметінше, кейбір санаттағы азаматтар үшін жол жүру тегін болады. Ол үшін электронды атаулы көлік картасының түпнұсқасын көрсету қажет.
Айта кету керек, Астана қалалық мәслихатының 2017 жылғы шешіміне сәйкес, елордада тіркелген бірқатар азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы.
LRT қашан іске қосылады?
Қазіргі уақытта LRT сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Тестілік іске қосу кезінде алғашқы пойыз станциялар арасында 10 км/сағ жылдамдықпен қозғалған.
Сынақ кезеңі шамамен 6 айға жоспарланған. Осы уақыт ішінде жүйенің қауіпсіздігі мен техникалық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жүйе толық тексеруден өткеннен кейін жолаушылар тасымалы 2026 жылдың көктемінде басталуы мүмкін екенін айтты.
LRT қалай жұмыс істейді?
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше:
Пойыздар 5–10 минут сайын жүруі мүмкін, ал станциялар арасындағы уақыт 1,5–3 минут шамасында болады. Сонымен қатар жүйе беспилоттық режимде жұмыс істейді деп жоспарланған.
LRT-тің екінші кезеңі
Құжаттарда LRT-тің екінші кезеңі де қарастырылған. Жоба бойынша:
Жобаның құрылысы шамамен 68 айға (5 жылдан астам) созылады. Ал жүйенің жоспарланған пайдалану мерзімі 100 жыл деп көрсетілген.
Ұзаққа созылған жоба
Астанадағы LRT жобасының тарихы 20 жылға жуық уақытты қамтиды. Жоба бірнеше рет тоқтап, қаржылық қиындықтарға байланысты қайта қаралған.
2014 жылы Қазақстан Қытай даму банкінен 1,6 млрд доллар несие алған. Кейін қаржының бір бөлігі жоғалып кеткені анықталып, бұл мәселе үлкен резонанс тудырды.
2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT жобасын сынға алып, ол елдің беделіне нұқсан келтіргенін айтқан еді.
Егер барлық сынақ сәтті аяқталса, Астана тұрғындары жақын арада жаңа көлік жүйесін пайдалана алады. Әзірге ұсынылып отырған тариф 200 теңге деңгейінде. Соңғы шешім қоғамдық талқылаудан кейін қабылданады.