Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады? Әкімдік жауап берді

25 Қараша, 16:22 464

LRT желісі станцияларының темірбетонды негізгі құрылыстары 100% аяқталды. Бұл туралы cts.gov.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық әкімдік атқарылған жұмыстар аясында монолитті қаңқалар, көтергіш арқалықтар, платформалардың темірбетонды конструкциялары, ригельдер және басқа да элементтер салынды. Бұл үшін В45 маркалы 79 971 текше метр бетон мен 9,59 мың тонна арматура қолданылғанын алға тартты.

LRT желісі көп деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 станциядан тұрады, олар екі түрге бөлінеді: жердегі (11 станция) және жер үсті (7 станция). Жер үсті станциялары Сығанақ көшесінде (2 станция), Ш. Қалдаяқов көшесінде (4 станция) және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында (1 станция) орналасқан станциялар жолға орталықтандырылған орналасуымен ерекшеленеді. Станцияларға қауіпсіз кіру үшін жерүстінен өтетін екі өткел қарастырылған. Барлығы – 14 өткел, - делінген мәліметте.

Биыл №101 станциясының (100% дайын) қасбет жұмыстары аяқталды, оған 497,51 тонна металл конструкцияларын орнату және сыртқы панельдер мен витраждарды қаптау (4 765 м²) кіреді. №109 және №112 станцияларында 1 210,22 тонна металл конструкциялары орнатылды.

2025 жылы барлық станция құрылысы толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Соның ішінде қасбеттердің монтажы, жерүстінен өтетін өткелдердің құрылысы, ішкі әрлеу, жақын аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: