Астанадағы көшелердің бірінен ер адамның денесі табылды

21 Тамыз, 10:18 464

Астана көшелерінің бірінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 18:50-де 102 арнасына Байқоңыр ауданының Янушкевич көшесінен пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Заттай дәлел ретінде пышақ табылып, қылмыстық іс қозғалды,-деп мәлім етті Полиция департаментінен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: