07.05.2024
21:15
1207

Астанадағы кафеде өрт шықты

Астанада Мәңгілік Ел даңғылындағы кафелердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеуде. Барлау түтінді бөлмеде жүргізілуде. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы келіп жеткен мәліметке сүйенсек, өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіріп үлгерді.