07.04.2023
11:29
2844
Астанадағы ботаникалық баққа аққулар ұшып келді

Астанадағы ботаникалық баққа аққулар ұшып келді

Астанадағы ботаникалық баққа аққулар ұшып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жасанды су қоймасында үш аққу жүргені байқалды.

Дегенмен, бүгін Астанада күн суытады. Синоптиктер болжамы бойынша, елордада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 4-6 градус жылы.