Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанадағы әскери жоғары оқу орнына Оман Сұлтандығы Ұлттық қорғаныс колледжінің делегациясы келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде вице-адмирал Әли Абдулла Мұхаммед Әл-Шидидің басшылығымен Оман делегациясы болды. Іс-шараға Оманның Қазақстандағы елшісі Халид Хамед Мұхаммед Мүбәрәк Әл Ғайлани қатысты.
Шетелден келген қонақтар оқу процесін ұйымдастырумен, оқыту бағдарламаларымен және жоғары білім ордаларының материалдық-техникалық базасымен танысты. Бұдан бөлек олардың назарына ҚР Қарулы Күштері қызметінің құрылымы мен басым бағыттары туралы Қорғаныс министрлігі Стратегиялық даму департаментінің брифингі ұсынылды.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Оманның әскери оқу орындары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайында келісті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді