29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстана қаласында «Internet of Things» атты форум өтті. Форумды ұйымдастырушы – еліміздің жетекші инфокоммуникациялық операторы - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы. Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің қолдауымен өткізілді.
Шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Инновациялық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы баяндады.
«Инновациялық экожүйенің құрылуы – бұл EXPO-базаға негізделген аймақты қалыптастыруға мүмкіндік беретін драйвер болып табылады. Ол өз кезегінде салық жеңілдіктерімен қамтылған жаңа бастамаларды құруды көздейді. ЭКСПО алаңын бум стартаптармен жабдықтай аламыз деп үміттенемін және баршаңызды осындай жобаларға белсенділік танытуға шақырамыз »,- деп мәлімдеді А. Жұмағалиев.
Сондай-ақ, форумда IoT саласынының шетелдік және отандық сарапшылары баяндама оқып, тәжірибелерімен бөлісті.
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев бүгінде адамдарға тәуелді емес жаңа нарық классы бар екенін атап өтті, мәселен көлік және POST-терминалдар нарығы.
«Егер біз әлемдегі ұялы байланыс желісінің 6 миллиард пайдаланушысы бар деген статистиканы алсақ, онда Internet of Things нарығы 20 миллиардты құрайды.
Менің ойымша, бүгінгі таңда коммуникацияға қосылған әртүрлі құрылғыларда отыратын 5 миллионға жуық абонент бар. IоT нарығының болашағы зор. Дәстүрлі тіркелген байланыс қазіргі таңда қолданыстан шығып барады. Біз бәріміз ұялы телефонға үйрендік, бірақ жаңа нарықтар компания үшін маңызды. Менің ойымша, бұл нарық біздің өмірімізге енді. Біз үшін IоT – заман ағынының маңызды жаңа бөлігі»,- деп атап өтті Қ. Есекеев.
Форумға арнайы шақырылған спикерлер қатарында Beijing Health Forum негізін қалаушы және бас директоры, IoT саласының халықаралық сарапшысы Дуглас Корли мен Гонконгтағы қалалық зияткерлік консорциумның негізін қалаушылардың бірі Тони А.Верба болды.
Талқылау алаңында форумның қатысушылары Қазақстанда IоT-ты дамыту туралы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне «Ақылды қала» жобасы аясында осы бағыттың келешегі туралы пікір алмасты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек