Астанада «Ел рухы» фестивалі басталды

19 Тамыз 2016, 04:52

«Ел рухы» - «Олимпийское лето» фестивалі

Бүгін Астана қаласында Қазақстан халқы ассамблеясының «Ел рухы» - «Олимпийское лето» фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

«Фестиваль мақсаты олимпиадалық қозғалысты жандандырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен бірге Қазақстанның олимпиадалық құрамаларына қолдау көрсету» дейді фестиваль ұйымдастырушылары.

«Еліміздің мәртебесін асырған, әлем халқын қуанышқа бөлеген Рио олимпиадасы құтты болсын. Түні бойы ұйықтамай бір тілектің үстінде отырдық. Кеше ғана Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті. Боксшы Данияр Елеусінов, палуан қызымыз Эльмира Сыздықова сияқты спортшыларымызды жүлделерімен құттықтаймын. Спорт елдің абыройын асқақтататын сала» деді ашылу салтанатында сөз алған ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Фестивальға олимпиада чемпиондары, Астана, Алматы қалаларының, облыстарының спорттық командалары, этномәдени бірлестік мүшелері, жастар қатысуда. Сондай-ақ, қазақша күрес, тоғыз құмалақ, волейбол, үстел теннисі, мини футбол, таэквандо, армрестлинг сияқты әр түрлі спорттық іс-шаралар өтіп жатыр.

Ардақ Отарбаев, 2014 жылғы Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері:

«Паралимдиада спортшылары атынан Рио төрінде өтіп атқан спортшыларға Оларға да жеңістің тұғырынан көрінуіне тілекшімін. Бүгінгі фестивальді өткізіп жатқан ҚХА-на алғысымды білдіремін. Спорттың барлық халықты бейбітшілік пен бірлікке жұмылдыратынын көріп отырмыз. Біздің спортшыларымыз бүгінгі күні жақсы көрсеткішке ие болып жатыр. Осы тұрған жастардың арасынан да небір мықты спортшылардың шығатынына сенімдімін».

Назарбаев университетінің алаңында өтіп жатқан фестиваль аясындағы спорттық іс-шаралар 19 тамызға дейін жалғасады.


Ая ӨМІРТАЙ

Фото: Нұрбек ӘЛМАНБЕТ

Бөлісу: