Астанада жылыту маусымы басталады

3 Қазан 2023, 18:22 627

Елордада 5 қазанда жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кету керек, бұрын берілген өтінімдер бойынша жылу қаланың әлеуметтік нысандарында - мектептерде, балабақшаларда, ауруханаларда қосыла бастады. Барлығы 116 әлеуметтік нысанда жылу бар.

Қалған өңірлерде жылу беру маусымы қашан басталады:
 
3 қазанда – Алматы облысында;
 
10 қазанда – Ұлытау облысында;
 
15 қазанда – Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында;
 
20 қазанда – Шымкентте;
 
25 қазанда – Түркістан облысында.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: