Астанада жұмысшы жастарға жалдамалы пәтер таратылады

30 Қазан 2023, 09:52 968

Жалдамалы пәтер алуға өтініш беретін азаматтың жасы 35-тен аспауы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті достар! Астанада жұмыс істейтін жастарға жағымды жаңалық. Егер сенің жасың 35 толмаса және ресми табысың болса, 6-12 қараша аралығында әкімдік беретін жалдамалы пәтерге өтінім бере аласыз. Пәтердің жалға алу құны – ай сайын пәтердің бөлме санына байланысты 5-15 мың теңге аралығында болады. Биыл әкімдік 777 пәтер үлестіреді, – деді депутат.

Аталған бағдарлама тұрғын үй түрі-сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынады. Тұрғын үй ұзарту құқығынсыз 3 жыл мерзімге беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы 5-15 мың теңге.

Бағдарламаның шарттары келесідей: 

Бөлінетін тұрғын үйдің жалпы ауданын айқындау конкурс қорытындысы бойынша қойылған балдар және өтініш берушінің балаларының саны (бар болса) негізінде жүзеге асырылады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру келесідей пайыздық арақатынаста жүзеге асырылады:

Бағдарламаның толық шарттары мен қажетті құжаттар тізімін мына сілтемеден білуге болады.

https://qatysu3.zhilfond.kz/page.php?section=about

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: