14.11.2023
05:20
1483
Астанада жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй: 5,6 мыңнан астам өтінім түсті

Астанада жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй: 5,6 мыңнан астам өтінім түсті

12 қарашада Астанада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жұмысы аяқталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Qatysu.zhilfond.kz порталына елорда тұрғындарынан бас-аяғы 5 623 өтінім түсті. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді.

Азаматтардың өтінімдерінің статусы туралы ақпарат өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі.
Қорытынды zhilfond.kz сайтында жарияланады.