Астанада М. Жұмабаев даңғылының Балқантау көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 12-14 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет, - делінген мәліметте.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.