24.04.2025
09:39
1113
Астанада жүк көлігі аулада ойнап жүрген баланы қағып кеткен

Астанада жүк көлігі аулада ойнап жүрген баланы қағып кеткен

Астанада көпқабатты үйдің ауласында бала көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

23 сәуір күні елордадағы «Капитал Парк» тұрғын үй кешенінің ауласында, Әл-Фараби көшесінде 38 жастағы жүргізуші велосипед теуіп жүрген 6 жасар баланы қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Полиция жүргізушілерге аулалар мен тұрғын аймақтарда аса мұқият болу қажеттігін ескертеді. Бұл мұндай алғашқы жағдай емес ­- наурыз айында Астана мен Қосшыда да балалар көлік астында қалып, қаза тапқан еді.