Астанада жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылды

3 Шілде 2023, 23:04 1072

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында К.Кемеңгерұлы көшесінен бастап Малахов көшесіне дейінгі учаскеде Тоқтарова көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты 3-4 шілде күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Перизат Саденова
Бөлісу: