Астанада жолаушылардың басым бөлігі жолақасын төлемейді

26 Шілде 2023, 12:47 1052

Астанада жолаушылардың 51% қоғамдық көлікте жолақысын төлемейді. Бұл туралы №1 Автобус паркінің басшысы Медет Шақаев мәлімдеді, деп хабарлады Еl.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, автобустар адам санының азайғанына да, жолаушылардың төлемді жасамайтынына да қарамай уақтылы жүреді.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар Шақаев елордада кемінде 400 автобус жетпейтіндігін айтты. Бұл мәселені шешуге 320 қоғамдық көлік көмектеседі дегенді алға тартты.

Автобустардың орташа мерзімі 6-9 жылды құрайды. Астана қаласының тасымалдау ережесі бойынша автобустардың қолданылу мерзімі 14 жылдан аспауы қажет. Осыған байланысты маршруттарды жаңғырту шеңберінде биыл «№1 Автобус паркі» жаңа 320 автобусты алуды жоспарлап отыр. Ал 2024 жылы 100 автобус сатып алынбақ, - деді Медет Шақаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: