Астанада жол апатынан үш адам зардап шекті

26 Ақпан, 06:33 622

Астанада екі көлік соқтығысып, үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан екі жедел жәрдем көлігін байқауға болады. Видеода жол апаты 25 ақпанда күндіз Иманов пен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында орын алғаны айтылған. Астана қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі жол апаты фактісін растады.

Иманов пен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында екі көлік арасында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан жаяу жүргіншілер өткелінде болған үш жаяу жүргінші зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Перизат Саденова
Бөлісу: